Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ақсу тарихи-өлкетану музейінде №3 мектеп интернатының қызметкері Ю. Крыловамен ұйымдастыруымен кесте тігу бойынша қолданбалы шығармашылық шебері Бейбітгүл (Мира) Шаяхметованың 70 жылдығына арналған «Жизнь нитью золотой» атты жеке көрмесінің ашылуы өткізілді.   Іс-шара қонақтары: достары мен бұрынғы әріптестері, жас ұрпақ (мектеп оқушылары мен студент жастар) және аға буын өкілдері оның жұмысын көруге, бағалауға және ләззат алуға және шебермен жақынырақ танысуға келді. Музыкалық білімі бар мұғалім мектеп-интернатта 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, оқушыларға кесте тігудің негіздерін үйретіп, қолөнер үйірмесін жүргізді. Мира Айдарбекқызын (оны осылай атауға дағдыланған) бірінші жеке көрмесімен сондай-ақ, мерейтойымен құттықтаймыз! Ең бастысы денсаулық, шығармашылық табыс және шабыт тілейміз!!! Сіздің жұмыстарыңыз музейге келушілердің көзін қуантсын!

WhatsApp Image 2024 04 19 at 16.18.41WhatsApp Image 2024 04 19 at 16.18.42 3WhatsApp Image 2024 04 19 at 16.18.44 5


2024 жылдың 18 сәуір күні «Ertis» музейінде Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамасынан «Бір шаңырақ астында» атты көрме салтанатты түрде ашылды.
Көрмеге XIX–XX ғасырлардың соңында жасалған халықтық костюмдер ұсынылып, келушілер қазақ, ұйғыр, орыс, беларусь, корей, түркімен және басқа да ұлттар костюмдерімен танысты. Қонақтардың назарына өзбек пәрәнжісі мен чачваны, татар әйелдерінің үйлену көйлегі, сондай-ақ кең тараған орыс, мордва, украиндықтардың әйелдер киімі сияқты жәдігерлер ұсынылды.

WhatsApp Image 2024 04 18 at 12.48.01WhatsApp Image 2024 04 18 at 12.48.02 2WhatsApp Image 2024 04 18 at 12.47.45


2023 жылғы 12 сәуір күні Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде академик, Қазақстан Ғылым Академиясының негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Дара дарын - Қаныш Сәтбаев» көрмесі ашылды. Көрменің ашылуына келген тарихшылар, өлкетанушылар, Торайғыров университет, экономикалық колледж студенттері мен оқытушылары академиктің ғылыми қызметімен өмірімен танысты.

WhatsApp Image 2024 04 12 at 11.56.21WhatsApp Image 2024 04 12 at 11.56.20WhatsApp Image 2024 04 12 at 11.56.19


«Ertis» музейінде «Олардың есімдерімен көшелер аталды» жобасы аясында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» атты музейлік дәріс өтті. Іс-шара қатысушылары политехникалық жоғары колледж студенттері болды. Музейлік дәріс барысында студенттер Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми қызметімен, тарихи деректермен, сондай-ақ минералдар мен пайдалы қазбалардың үлгілерінің жеке коллекциясымен танысты.

WhatsApp Image 2024 04 16 at 11.38.11WhatsApp Image 2024 04 16 at 11.38.12WhatsApp Image 2024 04 16 at 11.38.12 1


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, академик Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Професиограмма «Геолог» атты геологтар форумы өтті. Іс-шараға Қ. Сәтбаевтың інісі Әбдікәрім Сәтбаевтың немересі – Райхан Қоғабай, Павлодар география үйінің өкілдері – Н.В. Ларина мен Д.И. Лепихина, еңбек ардагерлері, орталық кітапхананың автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі – Е.Г. Щебетун, сондай-ақ академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕКИТИ студенттері қатысты. Форум барысында шара қонақтары Қ. Сәтбаевтың еңбектерімен танысулары туралы әңгімеледі және өз жұмыстары туралы қызықты деректермен бөлісті.

11598b90 c9b9 4f1f a3ea 060108d4000afb18e80f f78f 456f a9fb 2ea569afc4ebb9e7fa47 2a1f 4cc6 9826 d3712c1c6367


Адамның алғашқы ғарышқа ұшуы ХХ ғасырдың басты оқиғасы болды. 1961 жылы 12 сәуір күні Ю.А. Гагарин ғарышқа бірінші болып ұшып, адамзатқа ғаламның шалқар кеңістігін ашты. Бұл ұшу өзінің ұзақтығына қарамастан, ең алғашқы болды және адамның ғарышта өмір сүріп, жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Ғарышкер деген жаңа мамандық пайда болды. Елімізде жыл сайын 12 сәуір Ғарышкерлер күнін атап өтеді. Ақсу тарихи-өлкетану музейде 10-15 сәуір аралығында «Ғарыш әлеміне саяхат» атты қолданбалы өнер көрмесі өтті. Көрмеге балалардың өнер туындылары қойылып, көрермендер назарына ұсынылды.

IMG20240409155433IMG20240410090204IMG20240412175744


12 сәуір Ғалым, академик Қ. И. Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Екібастұз тарихи-өлкетану музейімен №9 мектептің 3 және 5 сынып оқушыларына «Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті» атты геология сағаты өткізілді. Іс-шара барысында Қ. Сәтбаевтың Қазақстан ғылымының дамуындағы рөлі, ғалымның табиғи байлықтарды зерттеуге қосқан үлесі, оның ашқан жаңалықтары мен еңбегі туралы айтылды. Сондай-ақ, оқушылардың назарына көрме бойынша шолу жасалды. Онда Қ.Сәтбаевтың таңдаулы еңбектерінің жинағы, музей қорынан геологиялық жинағы ұсынылды.

6849c214 9beb 45a8 b1e3 1797081ed408WhatsApp Image 2024 04 12 at 21.19.07WhatsApp Image 2024 04 12 at 21.17.04


5 сәуір Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде тәжік-ауған шекарасындағы шайқасқа қатысушылармен «Ерлікке тағзым» атты кездесу өткізілді. Кездесу жауынгерлерді таныстырудан басталды - олар сержант Курмангалиев Арман Амангельдиевич, қатардағы жауынгерлер Ахметов Ерлан Амангельдинович, Сабиров Альберт Ядгарович, Бижанов Куаныш Оразтаевич. Шараға қатысқан №33 мектептің 5-6 сынып оқушыларына Ауғанстандағы соғыстан кейінгі әрекеттердің тарихы, дәлірек айтсақ, көршілес республикалардың шекарасын есірткі тасымалы мен Ауғанстаннан көршілес Орталық Азия мемлекеттерінің аумағына басып кіруге әрекеттенген қарулы топтардан қорғау тарихы жайлы баяндалды. Шекара заставасының ардагерлері қызметтің ауыртпалығын айтып, балалармен сол кездегі әскери жағдайды, тәжік-ауған шекарасында қалай қызмет еткендерін әңгімеледі. Жиын соңында Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2 полиция батальонның аға сержанты Еңсебаев Жаңбырбай Борашұлының орындауында «Алға қазақ жігіттері» әні шырқалды.

516adf70 ccd8 4a75 8782 32e921d768edd7723269 8f2a 4ef2 81c5 936cd94a7a7861f62b36 5c56 4502 a238 bb1ba234a189