Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі-бүгінгі ұлттық ұландар» атты іс-шараға 6679 әскери бөлімнің сарбаздары мен шекара қорғаушылар шебінде жүрген жауынгерлер қатысты. Облыстық ардагерлер ұйымының мүшесі Азат Ілиясұлы, ақын Шолпан Байғалықызы, Облыстық «Сарыарқа газетінің» бас редакторы Нұрбол Жайықбаев ер мінезді азаматтарға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін және өз Отанын сүйетін, елін қорғай білетін азаматтарымыз көп болсын деген игі лебіздерін білдірді. Әсем әуезді әндер орындалып, 6679 бөлімнің сарбаздары өз өлеңдерін тарту етті.

DSC07129DSC07134DSC07132


Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймыз!
Бүгін «Ertis» музейінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік – ел тіліегі» атты танымдық сағаты өтті.
Іс-шараға Торайғыров университеттің студенттері қатысып, республикамыздың аумағында тұратын халықтар туралы баяндамалар дайындады. Біз бұл баға жетпес байлықты мақтан тұтып және қоғамда бірлік пен бірауыздылықты сақтау үшін бар күшімізді салуымыз керек. Сіздерге зор денсаулық, амандық, өзара түсіністік және біздің сүйікті Отанымыз — Қазақстан Республикасының және оның халқының игілігі үшін табыстар мен жетістіктер тілейміз!

WhatsApp Image 2024 05 01 at 13.30.41WhatsApp Image 2024 05 01 at 13.30.40 1WhatsApp Image 2024 05 01 at 13.30.40


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Екібастұз қаласының құрметті азаматы, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Халел қажы Хамметовтың 95 жылдығына арналған «Ұстаз еңбегі өлшеусіз» атты еске алу кеші. Туыстары, достары, әріптестері естеліктерімен бөлісті.

345cd5ab a6b1 44d6 b507 d23ce47de9e464362354 3ee6 4024 9667 29bdd9928d87ad522839 b186 4a24 a814 327796c78c0f


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» атты Shaisheik Food Fest фестивалі өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларды орыс, украин, татар халықтарының шай ішу дәстүрлерімен таныстырды. Сонымен қатар, шай ішу рәсімінің қызықты деректерімен бөлісіп, осындай пайдалы сусын туралы әндер шырқалды. Шараға қатысқан Достық Үйінің «Братство», «Шатлық», «Світанок» этномәдени бірлестік өкілдеріне және №33 мектептің 5-6 сынып оқушыларына алғысымызды білдіреміз.

4a9949b9 3727 4902 9870 5daaec9fcd7eeca3ea1e 89b0 42ec b785 db93885e7494eb35a929 0a52 49ed 8f60 fb9fb2086092


Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Екібастұз қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы С.И. Жақсыбаевтың 90 жыл толуына орай «Ғалым. Журналист. Өлкетанушы» атты еске алу кеші өткізілді. Серік Имантайұлының рухына тағзым етуге оның қызы, туған-туыстары, көмір өнеркәсібінің ардагерлері, мұрағат қызметкерлері, оны жақсы білетін таныстары келді. Кеште өлкетанушының жеке мұрағатындағы материалдар мен ғылыми еңбектері көрсетілді.

dee70ca9 acb9 4c3e b043 1a378d50588e26bdb3eb 2291 4bb8 bb39 eda5abf1eacbd25fbe3d 8351 428e 91df 21fe231a264f


Ақсу тарихи-өлкетану музейінде №3 мектеп интернатының қызметкері Ю. Крыловамен ұйымдастыруымен кесте тігу бойынша қолданбалы шығармашылық шебері Бейбітгүл (Мира) Шаяхметованың 70 жылдығына арналған «Жизнь нитью золотой» атты жеке көрмесінің ашылуы өткізілді.   Іс-шара қонақтары: достары мен бұрынғы әріптестері, жас ұрпақ (мектеп оқушылары мен студент жастар) және аға буын өкілдері оның жұмысын көруге, бағалауға және ләззат алуға және шебермен жақынырақ танысуға келді. Музыкалық білімі бар мұғалім мектеп-интернатта 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, оқушыларға кесте тігудің негіздерін үйретіп, қолөнер үйірмесін жүргізді. Мира Айдарбекқызын (оны осылай атауға дағдыланған) бірінші жеке көрмесімен сондай-ақ, мерейтойымен құттықтаймыз! Ең бастысы денсаулық, шығармашылық табыс және шабыт тілейміз!!! Сіздің жұмыстарыңыз музейге келушілердің көзін қуантсын!

WhatsApp Image 2024 04 19 at 16.18.41WhatsApp Image 2024 04 19 at 16.18.42 3WhatsApp Image 2024 04 19 at 16.18.44 5


2024 жылдың 18 сәуір күні «Ertis» музейінде Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамасынан «Бір шаңырақ астында» атты көрме салтанатты түрде ашылды.
Көрмеге XIX–XX ғасырлардың соңында жасалған халықтық костюмдер ұсынылып, келушілер қазақ, ұйғыр, орыс, беларусь, корей, түркімен және басқа да ұлттар костюмдерімен танысты. Қонақтардың назарына өзбек пәрәнжісі мен чачваны, татар әйелдерінің үйлену көйлегі, сондай-ақ кең тараған орыс, мордва, украиндықтардың әйелдер киімі сияқты жәдігерлер ұсынылды.

WhatsApp Image 2024 04 18 at 12.48.01WhatsApp Image 2024 04 18 at 12.48.02 2WhatsApp Image 2024 04 18 at 12.47.45


2023 жылғы 12 сәуір күні Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде академик, Қазақстан Ғылым Академиясының негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Дара дарын - Қаныш Сәтбаев» көрмесі ашылды. Көрменің ашылуына келген тарихшылар, өлкетанушылар, Торайғыров университет, экономикалық колледж студенттері мен оқытушылары академиктің ғылыми қызметімен өмірімен танысты.

WhatsApp Image 2024 04 12 at 11.56.21WhatsApp Image 2024 04 12 at 11.56.20WhatsApp Image 2024 04 12 at 11.56.19