Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Наурыз-астрономиялық күнтізбесі бойынша көктемнің келу мерекесі. Бұл мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан өте әдемі мереке. Бұл өмірдің циклдік сипатын, жаңа жылдың басталуын білдіреді. Наурыз мейрамына орай музейде Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 5 б сыныбының оқушыларына «Армысың - Әз Наурыз!» атты танымдық сағаты өткізілді. Айналада салтанатты, көтеріңкі көңіл-күй орнады. Қонақттар ұлттық киімде келіп кешіміздің сәнін келтірді. Шара барысында көрермендерге Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы мәліметтер беріліп, слайд, бейне баян көрсетілді. Оқушылармен қазақтың «Асық ату», «Қол күрес» ұлттық ойын түрлері ойнатылды. Наурыз мерекесі туралы көптеген өлеңдер мен әндер айтылып, қыздар домбырада «Наркезкен», «Шаттық» күйлерін нақшына келтіре ойнады. Кеш соңында қонақтар мерекеге арнайы дайындалған дастарханнан дәм татты.

IMG 20240314 WA0089IMG 20240314 WA0117IMG 20240314 WA0122