Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи – өлкетану музейімен Екібастұз кен орнын игерудің басталуының 70 жылдығын мерекелеу шеңберінде өз ісіне адал қызмет еткен «Богатырь» кенішінің бас механигі, ғылым және техника саласында КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серікбай Әбжалиұлы Шешембековтың 85 жылдығына   «Өнертапқыш Серікбай Шешембеков» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. С. Шешембеков «Богатырь» кенішінде сынама іріктеу машинасын құру мен енгізудің бастамашысы болды. Ол жеті рационализаторлық ұсыныстың авторы, оның үш баспа жұмысы жарық көрді. 1978 жылы роторлы техниканы пайдалана отырып, Екібастұз бассейнін жоғары тиімді дамытқаны және күрделі құрылымды қабаттардан үлкен көлемде көмір өндіргені үшін Серікбай Әбжалиұлы Шешембеков авторлардың шығармашылық ұжымы қатарында ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Есімді ұлықтау, өнегелі өмір және еңбек жолын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен кеште Екібастұз қаласының құрметті азаматы С.Ж.Рамазанов, кеншілер өнеркәсібінің ардагері, «Богатырь» кенішінің экскаватор машинисі С.С.Садыков, мемлекеттік қызмет ардагері Б.К.Куспеков сөз сөйлеп, ғибратқа толы естеліктерімен бөлісті. Кеште «Славяночка» вокалды тобының орындауында «Екібастұз», «Кеншілер» туралы әндер шырқалды. Шараға еңбек ардагерлері, Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен колледжі мен политехникалық колледж студенттері қатысты.

3574f076 31d4 4229 b31c abb900ec44697caf6ea5 303f 4dcb b912 d018dd2589a7f57ddac2 be1d 4eea 8464 d388088bf88a