«Қимақ — дала аңыздары мен өткеннің мұрасы» музейлік жобасы аясында Павлодар қаласындағы Nº6 мектепте қимақтардың қазіргі Павлодар облысы аумағындағы тарихына арналған танымдық дәріс өткізілді. Оқушылар көне түркі тайпаларының бірі - қимақ халқының тарихымен және мәдени мұрасымен танысып, Қимақ кағанатының Қазақстан тарихындағы маңызы, дала өркениетінің дамуына және сауда жолдарының қалыптасуына қосқан үлесі туралы мол мағлұмат алды. Жобаның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімді ояту және оқушылардың тарихи таным көкжиегін кеңейту.
«Қимақ — дала аңыздары мен өткеннің мұрасы» музей жобасы
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина