Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Алматы қаласы Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде М. Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылық музейі әйгілі әншінің 135 жылдығына орай «Ән еркесі – Майра» атты жылжымалы көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрмеге Майраға тиесілі жәдігерлерден бөлек, әншінің шығармашылығын жалғастырушы жерлесі, дарынды әнші, музыкант, актриса Хафиза Әбуғалиеваның, музыкалық аспаптар жасаудың асқан шебері, органолог ғалым Қамар Қасымовтың жеке заттары қойылды. Көрменің ашылу салтанатына Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, білім беру ісінің үздігі, әнші, композитор Ағайша Исағұлова, Хафиза Әбуғалиеваның ұлы Бауыржан Әбуғалиев пен қызы — Каспий халықаралық медицина мектебінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Чумбалоева Гүлмайра Мұхамедқызы мен күйеу баласы Мұхтар және өлкетанушы, шежіреші Қуаныш Мұхитұлы және тағы басқа бірқатар белгілі тұлғалар келіп, ыстық ықыластарын білдіріп, үлкен қолдау көрсетті. Бұл — Майра Шамсутдиноваға деген үлкен құрмет деп түсіндік.

WhatsApp Image 2025 04 27 at 09.57.13WhatsApp Image 2025 04 27 at 09.57.51WhatsApp Image 2025 04 27 at 09.58.37