Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, Г. Н.Потанин атындағы музейде Павлодар облысында тұратын этностардың мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған «Халық достығы мәңгілік» көрмесі ашылды. Экспозицияда музей қорынан түрлі халықтардың тұрмысын, әдет-ғұрпы мен көркемдік ерекшеліктерін бейнелейтін 100-ден астам экспонаттар қойылған.
Көрме аясында «Ertis» музейінің қызметкерлері дәріс өткізді, оның барысында оқушылар дәстүрлі киіммен, күнделікті өмір заттарымен және Қазақстан халқының этномәдени ерекшеліктерімен танысты. Көрме 25 мамырға дейін жұмыс істейді.

WhatsApp Image 2025 04 27 at 10.08.31WhatsApp Image 2025 04 27 at 10.08.15WhatsApp Image 2025 04 27 at 10.07.43