Барлығы, әсіресе балалар Жеңіс күнінің маңызын сезінуі тиіс. Өйткені, балалар еліміздің тарихындағы ұлы оқиғаны есте сақтауы керек. Жеңіс күні біздің халқымызға бейбітшілік, ал балаларға бақытты балалық шақ сыйлады. Әскери даңқ музейінде өнер мектебі оқушыларының Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Тарих таңбасын суретпен сөйлетеміз» атты көркем сурет көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге 30-дан астам арт суреттер қойылды. Олардың әрқайсысы Жеңіс жолындағы ерлікті бейнелейтін көркем туынды. Соғыс туралы суреттер батырларымызды еске алудың жалғасы, өмірімізге шүкіршілік пен соғыс жылдарындағы тарихи оқиғалар мен Жеңіс күніне деген көзқарастарын көрсетті.
«Тарих таңбасын суретпен сөйлетеміз» көрмесі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина