18 мамыр күні халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» акциясы Ұлы Отан соғысының тарихын, батырларымыздың ерліктерін, олардың жеңісі жолындағы қажырлы еңбегін және халқымыздың ар-намысы мен қаһармандығын ұлықтау мақсатында өткізілді. Бұл «Ерлік әні» атты музыкалық кешінде соғыс кезіндегі патриоттық әндер мен өлендері орындалып, көрермендер Ұлы Отан соғысының қатысушы туыстары туралы ақпарат беріп, сондай ақ, музей қорына Ә.Қабылова мен Е.Соболева әкесінің жеке заттары мен соғыс хаттарын табыс етті. Ж.Мұса атындағы көпсалалы колледжінің студенттеріне «Кино кеші» атты соғыс тақырыбына арналған деректі фильм көрсетіліп, көрермендер кештің маңызды бөліктерінің бірі «Соғыс. Жеңіс. Естелік» тақырыптық музей қорындағы медальдар мен құжаттар көрмені тамашалады. Келушілер өз көздерімен тарихи маңызды заттарды көріп, осының барлығының артында адам тағдыры мен тарихи оқиғалар жатқанын түсінді.
«Музей түні» акциясы
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина