Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Конституцияның 30 жылдығына орай «Ата Заң – бейбітшілік, тұрақтылық пен берекенің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел түрлі сала өкілдерінің басын қосты, олар еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, МКҚБ полициясының екінші батальонының қызметкерлері. Негізгі Заңды білу мен құрметтеу - ел дамуына жасалған маңызды қадам екенін атап өтті, еліміздің бірлігі мен дамуының маңыздылығын талқылады. Достық Үйінің «Асыл әжелер», «Славяночка» және «Красуни» ансамбльдері, сондай-ақ, талантты орындаушы Амандық Батайұлы мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Ата Заң – бейбітшілік, тұрақтылық пен берекенің негізі» дөңгелек үстел
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина