Биыл Қазақстан тәуелсіз, құқықтық әрі қазіргі мемлекеттің негізін қалаған Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Осы күнге орай «Ertis» музейінде «Құқықтық мемлекетке апарар жол: Қазақстан Конституциясының тарихы» атты көрме ашылды, онда еліміздің конституциялық жүйесі кезең-кезеңімен қалай дамығанын анық байқауға болады. Көрмеде Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан, Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатынан сирек кездесетін құжаттар, сондай-ақ С.Торайғыров атындағы кітапханадағы кітаптар ұсынылған.
«Құқықтық мемлекетке апарар жол: Қазақстан Конституциясының тарихы» көрмесі
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина