Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде «Жұлдыздары жанған күн» атты балалар көркемсурет мектеп түлектерінің дипломдық жұмыстар көрмесінің тұсаукесері өтті. Жас суретшілер бейнелеу, графика мен сәндік қолданбалы өнер жұмыстарын ұсынды. Олар өз дарындылығымен және идеяларының батылдығымен қонақтарды таң қалдырды. Өз құттықтауларын Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары – «Екібастұз дауысы - ақпараттық орталығы» ЖШС директоры Қ. Тұрлыбеков   және «Екібастұз» балалар қоғамдық қорының директоры Т. Шмидт, суретші А. Гаврилюк, сонымен қатар ата-аналар мен ұсынылған жұмыстардың авторлары жолдады. Мектептің түлегі Яромир Мельниковтың саксофонда өнер көрсетуі ашылудың нағыз көркі болды. Бұл оқиға біздің балаларымыздың болашағына деген шабыт, мақтаныш пен сенімнің мерекесіне айналды.

WhatsApp Image 2025 09 16 at 17.27.25WhatsApp Image 2025 09 16 at 17.27.22 1WhatsApp Image 2025 09 16 at 17.27.25 1