Екібастұз тарихи- өлкетану музейімен Ұлы Отан соғысының ардагері В.И. Арбузовтың 100 жылдығына арналған «Владимир Арбузов: Майдандағы батылдық - бейбіт уақыттағы жасампаздық» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Тағдыры мен ерлігі Ұлы Отан соғысының батырлық тарихымен тығыз байланысты, кейіннен бар күші мен білімін Екібастұз құрылысына арнаған Владимир Ильич Арбузовты және оның жұбайы, балалардың дамуы мен тәрбиесіне баға жетпес үлес қосқан педагог Арбузова Тамара Ивановнаны еске алып, терең құрметке ие болуға туған-туыстары, еңбек ардагерлері, академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ колледжінің студенттері қатысты. Іс-шараның атмосферасы Анатолий Чалбышев пен «Сударыни-Барыни» ансамблінің орындауындағы әнмен безендірілді. Бұл кеш - тек еске алу ғана емес, сонымен қатар ерлік, төзімділік, рух күші, еңбексүйгіштік пен жауапкершілік сабағы болды.
«Владимир Арбузов: Майдандағы батылдық - бейбіт уақыттағы жасампаздық» еске алу кеші
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина