Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Бүгінгі таңда ұлттық ән-күйімізді, жырларымызды өз нақышынан айырмай, замана үнімен үндестіре отырып насихаттау және оларды ұрпаққа сақтап жеткізу – аса маңызды міндеттердің бірі.

Осы мақсатта 3 қазан күні сағат 15:00-де Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы музейінде әйгілі жерлесіміз, талантты музыкант, сазгер, ұлттық музыкалық аспаптар жасаудың шебері, республикалық «Үкілі домбыра» байқауының жеңімпазы Шәкен Рақышевтың 90 жылдығына орай «Өнегелі өмір» атты өмірі мен шығармашылығына арналған еске алу кеші өтеді.

 

Өтетін орны:

Майра Шамсутдинова атындағы

ән-өнер шығармашылығы музейі

Астана көшесі, 135-үй

Тел.: 61-81-30

WhatsApp Image 2025 09 25 at 12.57.39