1 қазан Қарттар күніне орай Ақсу тарихи-өлкетану музейінде «Ардагерге тағзым» атты еске алу кеші өтті. Ұлы Отан соғысының батырларын еске алып, жерлесіміз Иван Кривенконың ерліктері баяндалды. №4 орта мектептің 5б сынып оқушыларына арналған шарада майданнан келген жүрек тебірентер әсерлі хаттар оқылып, оқушылар Жеңіс символдарына арналған викторинаға қатысып, ал соңында біз бір минут үнсіздікпен батырлардың рухына тағзым етілді.



