Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

23 қазанда 11.00 с. «Ertis» музейінде Ұлттық мереке — Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған «Республика күні: тарихи маңызы және заманауи сын-қатерлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Республика күні-тәуелсіздікті, халықтың бірлігін және ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін мемлекет тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бұл мереке Қазақстанның ғасырлар бойғы жолын, оның жетістіктері мен қазіргі әлемдегі рөлін еске салады. Дөңгелек үстелде көтерілген тақырыптар қатысушыларға мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи маңыздылығын, сондай-ақ одан әрі даму жолында қоғам мен мемлекет алдында тұрған заманауи сын-қатерлерді талқылауға мүмкіндік береді.

Іс-шара Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи жолын талқылауға, осы күннің маңыздылығын қазіргі заманғы шындықтар контекстінде түсінуге, сондай-ақ ел тарихына деген қызығушылықты дамытуға және жастар арасында азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.

Қатысушылар: тарихшылар, саясаттанушылар, коммуникациялар департаментінің өкілдері.

 gluster 2024 10 24 95afd980960f59e59f7790a01f4b9c3e original.217022