Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

2025 жылдың 23 қазан күні сағат 11.00-де Ақсу тарихи-өлкетану музейінде Құрметті азамат, ақын, Қаршыға Шаяхметовпен «Ардагер – даналық пен даңқтың үлгісі» атты кездесу өткізіледі.

Іс-шарада ақынның өмірбаяны мен шығармаларымен таныс болады. Қаршыға Қабыкенұлы Шаяхметов 1945 жылдың 25 қазанында Павлодар облысы, Каганович ауданының Құркөл ауылында дүниеге келген. 1945 жылы қазан айының 25 жұлдызында өмірге келді. Қаршыға Қабыкенұлы 1962 жылы Жамбыл орта мектебін бітіріп Қарағанды педагогикалық институтының физика-математика факультетінің қазақ бөліміне түседі. Оқуды бітіріп мектепте ұстаздық етеді. Оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, ауылдық халық депутаттары кеңесінің төрағасы болып сайланды. 1993 жылдан зейнеткерлік жасқа жеткенше 2009 жылға дейін Құркөл ауылдық округінің әкімі болады. Мемлекеттік тіл жөнінде ұйымдастырылған конференцияларға қатысты. Елжанды азамат ана тілімізде шығатын қалалық, облыстық газет-журналдарға жазылу науқанына, қазақтың біртуар ұлдары Иманжүсіп Құтпанұлы мен Сәбит Дөнентаевтың мерейтойларына арналған шаралардың жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысты. Сонымен қатар, 2014 жылы «Құркөлдің ақындары», «Құркөл өңірінің тарихы» атты кітабы жарыққа шығарылды. 2013 жылы «Ақсу қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

WhatsApp Image 2025 10 21 at 10.24.10