Республика мерекесі және қала күні орай Ақсу тарихи өлкетану музейінде «Менің қалам-менің тағдырым» атты музей қорынан фотосуреттер мен кітаптар көрмесі өткізілді. Іс-шараға №7 орта мектебінің 4-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға еліміздің рәміздері, төл тарихы сондай-ақ қаламыздың тарихы баяндалып, презентациялар ұсынылды. Балалар ән ұранды орындап, туған ел, Отан туралы өлеңдерін айтып, сұрақтарға жауап беріп алған білімдерін ортаға салды. Еліміздің ертеңі балалар Республика күні мерекесінің маңыздылығын түсініп, қала тарихы туралы білімдерін толықтырды. Фотосуреттер және кітап көрмесімен танысып, сұрақтарына жауап алды.




