Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Қазақстан Республикасы күніне орай, Д. Багаев музей - үйiнде, автор Владислав Якушкиннің (Алматы қ.) «Объективтегi Қазақстан» атты фотокөрмесінің тұсаукесері өтті.
Владислав Якушкин - белгілі қазақстандық фотограф-натуралист, білімі бойынша зоолог, Американдық кәсіби фотографтар қауымдастығының мүшесі. Оның есімі Қазақстанның табиғатына арналған көптеген фотоальбомдарда кездеседі, ал жұмыстары бүкіл әлем бойынша 300-ден астам кітаптар мен басылымдарды безендіреді.
Әрбір сурет-Қазақстанның сұлулығының, күші мен рухының көрінісі. Мұнда шексіз дала, керемет таулар, мөлдір көлдер және бізбен сөзсіз сөйлесетін табиғаттың шынайы көрiнicтерi бар. Бұл-біздің еліміз, мақтанышымыз, тарихымыз.
Іс-шара әр ұрпақтың қонақтарын жинады: шығармашылық зиялы қауым өкілдері, студенттер, оқушылар, фотографияны сүйетіндер және өнерге бей-жай қарамайтындар.
Экспозиция 13 қарашаға дейін ашық болады.

WhatsApp Image 2025 10 22 at 17.18.00WhatsApp Image 2025 10 22 at 17.37.49 1WhatsApp Image 2025 10 22 at 17.19.05