«Ertis» музейінде Республика күніне арналған «Республика куні: казіргі замангы кезкарас жене тарихи манызы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, тарихшылар, саясаттанушылар және Павлодарлық студенттер қатысты. Қатысушылар мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның тарихи маңызы мен оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін, сондай-ақ қазіргі қоғамның дамуындағы өзекті мәселелерді талқылады. Спикерлер ұлттық бірегейлікті сақтау, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің маңыздылығын атап өтті. Бұл құндылықтар Республика күнінің негізін қалайды.




