Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Республика күніне орай Облыстық тарихи-өлкетану музейде «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында патриоттық сабақ өтті. Бұл шараға Электроника және байланыс колледждің студенттері қатысты. Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздік жолы, жеткен жетістіктері, бейбітшілік пен бірлік құндылықтары кеңінен талқыланды.Студенттер белсенді қатысып, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін білдірді.Сабақтың басты идеясы —«Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным!» Бұл сөздер әрбір жастың жүрегінен орын тауып, туған жерге деген мақтаныш сезімін оятты. Осындай іс-шаралар жастардың елжандылық рухын көтеріп, өткенді құрметтеуге, болашаққа сеніммен қарауға тәрбиелейді.

WhatsApp Image 2025 10 24 at 11.51.03WhatsApp Image 2025 10 24 at 11.51.03 1WhatsApp Image 2025 10 24 at 11.51.03 2