Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлттық теңге – Тәуелсіздіктің нышаны» атты көрме ашылды. Экспозиция Ұлттық валюта күніне және теңгенің Қазақстан тәуелсіздігінің маңызды рәмізі ретінде қалыптасуына арналды. Іс-шараға қатысқаны үшін «Торайғыров университеті» жоғары колледжінің ұстаздары Е.Л. Стародубцева, А.М. Бексултанова және студенттерге алғысымызды білдіреміз. Студенттер сирек кездесетін экспонаттармен, ерекше монеталармен және еліміздің қаржы жүйесінің дамуын көрсететін материалдармен танысты. Осындай кездесулер жастарға мемлекет тарихын тереңірек түсінуге және ұлттық рәміздердің маңызын сезінуге мүмкіндік береді.




