«Ұмытылған кадрлар: Дмитрий Багаев мұрағатын ашу» көрмесі. Шарбақты тарихи-өлкетану музейінде «Ұмытылған кадрлар: Дмитрий Багаев мұрағатын ашу» атты жылжымалы фото көрменің ашылуы өтті. Іс-шара қонақтары ретінде Абай Құнанбаев атындағы мектептің, №3 орта мектептің, №2 негізгі мектептің оқушылары және ауыл тұрғындары қатысты. Келушілер бұрын кең жұртшылыққа ұсынылмаған бірегей фотосуреттерді алғаш болып тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Бұл туындылар — уақыттың шынайы куәсі болып табылатын, Павлодар өңірінің тарихы мен мәдениетін бейнелейтін құнды мұра. Көрме қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырып, өткен дәуірге фотосурет арқылы саяхат жасауға мүмкіндік берді.


