Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Шуақты көңіл-күй» шығармашылық шеберханасы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған түрлі-түсті қағаздан үш өлшемді аппликация жасау бойынша «Шуақты көңіл-күй» шығармашылық шеберханасы өтті. Мерекенің құрметті қонақтары Түзету орталығының тәрбиеленушілері – ерекше білім беруді қажет ететін балалар болды. Әрбір бала өзінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыруда барынша дербестік көрсете отырып, өзін сенімді сезінді. Кездесудің басты нәтижесі балалардың көздерінің нұры, қуанышты күлкілері мен өз қолдарымен жасаған туындыларына деген мақтаныштары болды.

WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.30.35 WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.30.34 WhatsApp Image 2026 06 03 at 09.30.34 1