Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ақсу тарихи-өлкетану музейінде ұлы ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегі мен Ертіс–Қарағанды каналының тарихына арналған өлкетану сағат іс-шара өтті. Іс-шараға Абай атындағы мектептің 6-сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағат барысында оқушыларға Ертіс–Қарағанды каналының салыну тарихы, оның құрылысының басталуы, жүзеге асу кезеңдері және аймақ үшін маңызы туралы ақпарат берілді. Оқушылар каналдың құрылысы, оның қалай іске қосылғаны және алғашқы судың жіберілуі туралы бейнематериал көріп, тарихи деректермен танысты «КАНЫШ САТПАЕВ И КАНАЛ ИРТЫШ–КАРАГАНДА»