30 маусымда «Ertis» музейінде Домбыра күніне арналған «Үкілі домбыра» ұлттық музыкалық аспаптар көрмесінің ашылуы өтті.№37 ЖОББМ оқушылары аспаптың пайда болу тарихы туралы білді, домбыраның дыбысын тыңдап, күй аңызымен танысты. Көрмеге келушілер шеберлер М. Әбікеев пен Ж. Жанпейісов жасаған музыкалық аспаптарды, сондай-ақ ХХ ғасырдың басындағы ақын Қ.А. Әлсейітов пен халық ақын-импровизаторы Т. Арғынбаевқа тиесілі домбыраларды тамашалай алады.




