Павлодар Ертіс өңірін әр уақытта ғалымдар, саяхатшылар, этнографтар, тарихшылар зерттеген. Солардың бірі-XIX ғасырда қазақ халқының мәдениетін, тұрмысы мен әдет-ғұрпын зерттеген Адольф Янушкевич. Оның туғанына 220 жыл толуына орай "Саяхатшының жазбалары" атты өлкетану сабағы өтті. Сабақта балалар этнограф, саяхатшының өмірі, қызметі, және оның тарих үшін маңызы туралы білді.




