4 маусым күні Абай атындағы ЖОБМ-де ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты патриоттық сағат өткізілді. Шараға мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерь оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Шара аясында тақырыпқа байланысты мағлұматтар беріліп, көрермендер назарына рәміздер туралы бейнефильм көрсетілді, өлеңдер оқылып, әндер тыңдалды. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жарысы болды. Кітапхана қорынан шағын көрме ұйымдастырылды.




