Балалар болашағымыздың жарқын келбеті. Бала - адам өмірінің жарық сәулесі. Балаларды қорғау күніне арналған Ақсу тарихи-өлкетану музейде маусымның 1-5 күндері аралығында «Балалық шаққа саяхат» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге балалардың салған суреттері қойылып, көрермендер назарына ұсынылды.




