Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейде Ұлттық валюта – теңге күніне арналған «Ұлттық валюта: өткен және қазіргі» тарихи сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – экономикалық білімнің негіздерін қалыптастыру, ақшаның пайда болуына, оны адамзаттың тарихи дамуында қолдануға, олардың қазіргі өмірдегі рөліне жалпы түсінік беру.




