Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ежелгі дәстүр – ескірмес салт» атты көрменің ашылуы өтті. Экспонаттар музей қорынан алынды. Көрме ата-бабаларымыздың шеберлігімен, қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді. Іс-шараның мақсаты дәстүрлі қазақ өмірі туралы білімді кеңейту және мәдени мұраны сақтау.




