Ақсу тарихи-өлкетану музейде Кеңес Одағының Батыры Қанаш Камзиннің 105 жылдығына орай «Ұмытылмас ерлігі» атты ерлік сабағы өткізілді. Іс-шараға Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 7 сынып оқушылары қатысты. Батырдың ерлігі, қайсарлығы және балалық шағын еске алу мақсатында жүргізілді. Қанаш Қамзиндей батырымызды ұлықтау – тарихқа деген құрмет қана емес, жастарға деген өнеге. Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы біз үшін шежіре, тағдыр тарих. Ал біз үшін Қанаш Қамзиннің жасаған ұмытылмас ерлігі, батырлығы біздің жүрегімізде мәңгі сақталмақ.




