Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Ertis» музейінде балаларға арналған «Музейдегі шырша» жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Аяз Ата мен Ақшақар балаларды ертегі арқылы сиқырлы саяхатқа шақырған қызықты театрландырылған қойылымнан басталды. Іс-шара барысында балалар түрлі байқауларға, ойындарға қатысты. Ертеңгілік соңында әр балаға Аяз Атадан тәтті сыйлықтар таратылды. Балалардың қуанышты жүздерінен шынайы күлкілері жаңа жылдық сиқырлық атмосферасын жасады. Осындай ертеңгіліктерді өткізу мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға және балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған музейдің жақсы дәстүріне айналды.

WhatsApp Image 2024 12 25 at 17.11.31WhatsApp Image 2024 12 25 at 17.45.05WhatsApp Image 2024 12 25 at 17.13.47