Д.П. Багаевтің тірі кезіндегі бізге жеткен жалғыз бейнесі. Бұл кадрлар 1957 жылы түсірілген: Дмитрий Поликарпович Багаев ұлы Леонидпен бірге өлкетану музейінде Ұлы Қазан революциясының 40 жылдығына арналған көрмеге дайындалуда. Оның әлі де жоспары көп, алайда өмірінің бір-ақ жылы қалған еді.

