- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде өлкетанушы, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Тілеукен Ахметұлы Инсебаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Ұлты мен жүрты үшін қызмет еткен» атты еске алу кеші өтті.
Кеште өңірді зерттеудің өзекті мәселелері, олардың атаулары және өлкетану бойынша жаңа дереккөздерді енгізу талқыланды. Тілеукен Ахметұлы Инсебаевтың жеке заттары мен құжаттары ұсынылды.
Іс-шараға өлкетанушылар, тарихшылар, музей қызметкерлері мен Т.А. Инсебаевтың туыстары қатысты.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Мамандарды сапалы даярлау жоғары педагогикалық оқу орныдарында жүзеге асырылатынын бәрі біледі. Осыған байланысты ҚР ұлттық жоғары білім беру жүйесін дамытуға, оның мазмұны мен сапасын кешенді жаңғыртуға, озық инновациялық технологияларды енгізуге белгілі педагог, көрнекті ғалым , қоғам қайраткері, профессор Тасболат Қасенұлы Шаяхметов үлкен үлес қосты. Т. Шаяхметов бүкіл өмірін білім беру саласына арнады.
Биыл ғалым, физика-математика ғылымдарының профессоры Т. Шаяхметовтың туғанына 85 жыл. Аталмыш іс-шараға байланысты Ақсу тарихи-өлкетану мұражайында Т. Шаяхметовтың «Өмірі және ғылыми қызметі» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Шараға қаламыздың номері 1 ЖББМ-нің 6- сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Т.Шаяхметов туралы слайд арқылы өмірі және ғылыми қызметтері, еңбек жолдарымен таныс болды және бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ , Т.Шаяхметов жайлы жазылған кітаптар мен газеттер көрмесі қатысушылардың назарына ұсынылды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Музейде қолданбалы шебер Б.Ж. Сағандықовтың 85 жылдығына арналған «Ағаш қол шебері» өлкетану сабағы өткізді.
Іс - шараға Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейінің орта буын оқушылары қатысты.
Сағандықов Бақыт Жалелұлы-Павлодар Ертіс өңірінің белгілі шебері. Оның қолымен ерекше туындылар, ағаштан жасалған бұйымдар, ет беру рәсімдеріне арналған ағаш ыдыс-аяқ жиынтығы, қымыз, киіз үй әшекейлері, халықтық дәстүрлерде орындалған қазақ ері мен әйел адамының бағалы тастармен көмкерілген белбеулері, жылқы жабдықтары мен зергерліктер, қызға арналған күміс жиынтықы жасалған.
Оқушылар шебердің өмірбаянымен, оның жұмысымен танысты. Естелік суреттер түсірілді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Біздің музейдің 80 жылдығына орай, «Ұлы ғалымдар-біздің жерлестеріміз» атты кездесу – диологы өтті. Павлодар педагогикалық университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сабданбеова Зәмзәгүл Әбіләшқызы шақырылып, №2 жалпы орта білім беру мектебінің 8 - сынып оқушыларына Павлодар өңірінен шыққан атақты Ұлы ғалымдары туралы және олардың елімізге сіңірген еңбектері туралы мәліметтер айтылды. Балалар қызығушылықпен тындады.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Республика күні мерекесі қарсаңында "Ertis" музейінде Түркіменстаннан келген қандас балаларына, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған "Алтын адаммен саяхат" театрландырылған экскурсиясы өтті. Балалар театрландырылған түрде Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихымен танысты. Іс-шара соңында балалар шығармашылыққа арналған жиынтықтарды сыйлық ретінде алды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Міне, біздің музейдің 80 жылдығына, сондай-ақ Республика күніне арналған "Павлодар облысының үздік экскурсоводы" көптен күткен экскурсоводтар байқауы өтті. Оған Павлодар музейлердін, сондай-ақ Железинка, Шарбақты, Екібастұз ауылдарының аудандық экскурсоводтары қатысты. Катысушылар 3 турдан өтуі керек еді, онда кәсіпқойлықты көрсету, шығармашылықты көрсету, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін ашу қажет болды. Қатысушылар барлық тапсырмаларды лайықты орындады, үздіктер бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
"Ertis" музейінде Республика күніне және Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи - өлкетану музейінің 80 жылдығына арналған "Алтын адам-Дала империясы" көрмесі салтанатты түрде ашылды. Көрмеде 1969 жылы белгілі қазақстандық археолог Кемел Ақышевтің Есік қорғанынан ашқан, сақ мәдениетінің заттарына жататын және V-VI ғасырларға тән алтын адамның реконструкциясы ұсынылды. Салтанатты іс-шараға қызығушылық танытқан ғалымдар, өлкетанушылар, мәдениет қайраткерлері, ардагерлер мен музей ісінің қызметкерлері, тарихшылар мен қала тұрғындары қатысты. Көрмені 25 қарашаға дейін тамашалауға болады.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
2022 жылдың қазан айының 13 күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы ұлттық мерекесі күніне орай және Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына 80 жыл толуына байланысты Павлодар өңірінде тұңғыш рет Алматы қаласы, Ықылас атындағы Халық музыка аспаптарының музей қорынан тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Көне аспаптар күмбірі» атты жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрмеде Махамбет батырдың, Ақан сері, Біржан сал бабаларымыздың ұстаған домбыраларының түпнұсқасын, сондай-ақ әйгілі жерлесіміз Қамар Қасымовтың жасаған аспаптарын тамашалай аласыздар.