Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Кеңес Одағының батыры Иван Игнатьевич Суптелдің 105 жылдығына орай Ақсу тарихи-өлкетану музейде «Мәңгілік тағзым » атты патриоттық сағат өтті. Іс-шараға Ақсу қаласы  мектеп лицейінің 10 сынып оқушылары мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі шақырылды. Шара барысында батырдың өмір тарихы мен ерлігі туралы мағлұмат беріліп, бейне фильм көрсетілді. Сондай-ақ, лицейдің алғашқы әскери дайындық пәні мұғаліміне сөз берілді, тақырыпқа қатысты өз ойымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңесін айтты. Музей қорынан батырдың және соғыс жылдарындағы заттардан шағын көрме ұйымдастырылды.

IMG 20241022 WA0082IMG 20241022 WA0076IMG 20241022 WA0089


Әскери Даңқ Музейінде Қызыл Армия офицері, халық батыры Рахымжан Қошқарбаевтың 100 - жылдығына орай Берлинде Рейхстагты жеңу туын алғаш көтерген «Ол бірінші болды» атты ерлік сабағы өткізілді. Іс-шараға Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің оқушылары қатысты. Ерлік сабағында балалар лейтенант Р.Қошқарбаевтың өмірімен және жауынгерлік ерліктерімен танысты. Ол туралы деректі фильм көрсетіліп, «Қазақ жігіттері», «Отан Ана» музыкалық нөмірлер орындалды.

WhatsApp Image 2024 10 19 at 17.48.55 1WhatsApp Image 2024 10 19 at 17.48.54WhatsApp Image 2024 10 19 at 17.48.53 1


Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» Рухани келісім Күніне арналған панельдік кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың өз мемлекеті, оның пайда болуы және қалыптасуы туралы білімдерін жүйелеу. Жас ұрпақ тек тарихи дәстүрлерді, басқа халықтардың мәдениетін, өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы әділеттілік пен шынайылықты құрметтеу ғана келісім әлемі мен руханиятты құра алатындығын әрдайым есте ұстауы керек.

WhatsApp Image 2024 10 18 at 15.21.18WhatsApp Image 2024 10 18 at 15.21.07WhatsApp Image 2024 10 18 at 15.21.36


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Ақсу қаласының фотографтары жұмыстарының тұсаукесері өтті. «Менің туған жерім» атты көрмеде 60-қа жуық түрлі жанрда түсірілген фотосуреттер ұсынылған. Бұл фотосуреттер арқылы туған жердің сұлулығы мен мәдениетін танып білігу болады. «Фотосурет — бұл сәттілік, сезім мен шығармашылықтың үйлесімі» - дейді көрме ұйымдастырушысы Жұмағали Сейтенов. Көрме 16-30 қазан аралығында жұмыс істейді!

1d5464b4 1af0 440f bc8e fd3b7b4978bbd88101c9 c6d3 4bf6 ac79 ac808961c8e9b241d040 c419 436f 86df 1d8007a3d596


Екібастұз тарихи – өлкетану музейімен №6 арнайы мектепте 8 және 10 сынып оқушылары мен суретші, сәндік-қолданбалы өнер шебері А.П. Гаврилюктің қатысуымен металлопластикадан шеберлік сабағы ұйымдастырылды! Балалар Анатолий Павловичтің жетекшілігімен өздерінің ерекше туындыларын үлкен қуанышпен жасады. Олардың әрқайсысы диагноздарына қарамастан керемет шығармашылық пен табандылық көрсетті. Олардың дарындылығын қолдау және дамыту маңызды, және осындай тәжірибелер балаларды жаңа жетістіктерге шабыттандырады!

be805f6b 21cd 4d53 95da 8cc42711ba5af8583212 fa13 44f4 b925 46040f4b78672e01a2c8 45ee 46cd b553 bc9da893a7bd


Бүгін "Ertis" музейінде Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музейінің 100 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған Петропавл қ., Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің қор коллекциясынан «Ботай - Ұлы дала мәдениеті» атты көрменің салтанатты ашылуының. Көрмеде фото және видео материалдар, құрал-саймандар, керамика, рухани мақсаттағы заттар, қос тұрғын үйдің макеті, ежелгі өндірістік алаңдарды қайта құру /интерактивті аймақтар/ ұсынылған. Бұл көрмеде 42 шығармашылық және пленэрлік жұмыс ұсынылған. Экспозиция археологиялық артефактілермен, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларынан сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарымен толықтырылды. Көрме 8 қарашаға дейін жұмыс істейді.

WhatsApp Image 2024 10 11 at 14.45.39 3WhatsApp Image 2024 10 11 at 14.45.40 2WhatsApp Image 2024 10 11 at 14.45.38


Бүгін «Ertis» музейінде антропогендік кезеңге арналған кинолекториялар циклі аясында оқушыларға арналған танымдық дәріс өтті. Біздің жас қонақтарымыз миллиондаған жылдар бұрын климаттың қалай өзгергенін, алып жануарлардың болғанын және қазіргі өмірдің қалай пайда болғанын білді. Қызықты дәрістен кейін балалар біздің планетамызда болып жатқан процестерді тереңірек түсінуге көмектескен бейнероликті қызығушылықпен қарады. Іс-шара оқушылардың өз әсерлерімен бөлісіп және сұрақтарға жауап беріп, талқылаумен аяқталды.

WhatsApp Image 2024 10 10 at 16.06.13WhatsApp Image 2024 10 10 at 16.06.14 1WhatsApp Image 2024 10 10 at 16.06.14


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Екібастұз қаласының құрметті азаматы А. Құсайыновтың 75-жылдығына орай №25 қыздар гимназия мектебінің 4 «а» сынып оқушыларының қатысуымен «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» музейлік сабағы өткізілді. Шара барысында оқушылар А. Құсайыновтың өмірімен танысып, қаламыздың аурханаларының тарихы жайлы ақпарат алып, қордан ұсынылған фото альбомдарын қызыға қарады. Сонымен қатар дәрігердің өзі жазып, музейге табыстаған «Мои коллеги» атты кітабы ұсынылды. Оқушалыр адам өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың рөлі жоғарғы екендігін айтып, болашақта көбі дәрігер болтындарын айтты.

9ca2f67a 96af 41a5 9575 9f9142d72000ad1ffb32 6f48 48b2 8dc7 2dfb9ad3fdec0349ce8e 35a4 4e8b abe9 ebe5adc53893