- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Әскери Даңқ Музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздікке 33 жыл» атты тақырыбында ерлік сабағы өтті. Шараға Қабанбай батыр ат. Облыстық мамандандырылған «Жас сарбаз» лицей –мектеп-интернаты атсалысты. Оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздерімен танысып, батырлар мен жауынгерлер жайлы сонымен қатар мемлекетіміздің қалыптасу жылдары туралы деректі фильмді тамашалады.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлетану музейде Евразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, «Бабалар аманаты» жобасының ақсақалдар алқасы, парасатты ұстаз бен кескіндеме өнерінің майталманы Қабылбеков Ақылбек Қабенұлының «Ұлттық мұра» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шарада Ақсу қалалық маслихатының төрағасы М.Қ. Омарғалиев, Павлодар облыстық Аманат партиясы филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушысы А.А. Мұхамедьярова, «НҰР-АНА әлемі» ҚБ төрайымы Р.Х. Сламбекова, Торайғыров университетінің профессоры А.Ф. Зейнуллина, Алғабас ауылының әкімі А.Ж. Рустемов сөз сөйледі. Көрменің салтанатты ашылуына Ақсу қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет және білім мекемелерінің қызметкерлері, өнер мектебінің шәкірттері қатысты. Ақылбек Қабенұлы музей қорына «Ұлы даланың жеті қыры» мүсінін сыйға тартты.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» диалог алаңы ұйымдастырылды. Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледж оқытушылары және студенттер қауымы тәуелсіз Қазақстан Республикасының жеңістері мен жетістік жолы баяндалды. Шарада Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің басшысы Ордабаева С.Қ., академик Қ.Сәтбаев атындағы ЕКИТИ директор орынбасары Бекишева А.Б., оқытушы Трухин И.Т., музей маманы Кабдылов Е.М. сөз сөйледі. Елдің еркіндігін, егемендігін сезіндіре білген «Назерке» домбырашылар ансамблінің орындауында Н. Тілендиевтің «Мұрагер», Дәулеткерей Шығайұлының «Түрікмен» күйі ойналды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
16 желтоқсан-Қазақстан мен оның әрбір азаматы үшін маңызды күн. Бұл күні біз еліміздің бостандығының, бірлігі мен өркендеуінің символына айналған Тәуелсіздік Күнін атап өтеміз. Осы айтулы оқиғаның құрметіне біздің музейде оқушыларға арналған "Тәуелсіз Қазақстан" танымдық дәрісі өткізілді, оның барысында олар осы күннің маңыздылығы және оның Қазақстан тарихындағы рөлі туралы білді. Дәріс қызықты және танымдық түрде өтті. Оқушылар тәуелсіздікке ұмтылып, елдің күрделі тарихи сәттерден қалай өткені туралы айтылды. Тәуелсіздік Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуына қалай әсер еткенін білді.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Қазақ тілі қоғамы, Ақсу тарихи-өлкетану музейі және С.Дөнентаев мәдениет сарайының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік тұлғасы» атты кездесу кеші ерекше әрі мағыналы болды. Кештің құрметті қонағы, Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр актері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлға – Шәнім Бейбіт Кәрімұлына сөз беріліп, сол тарихи сәт туралы естеліктерімен бөлісті. Ол өз сөзінде Желтоқсан оқиғасының жастар үшін маңызды тарихи кезең екенін, қазақ халқының тәуелсіздікке деген ұмтылысын білдіргенін ерекше атап өтті. Бұл кеш тәуелсіздіктің ұлы тұлғаларын ұлықтап, әрбір азаматтың өз елінің болашағына қосқан үлесін бағалауға шақырды.
Тәуелсіздік – халқымыздың ұлы жеңісі, сондықтан әрбір ұрпақтың оны қадірлеп, тарихын ұмытпай, еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Бұл кеште кеш қонақтары мен жастар арасында тәуелсіздік үшін атқарылған күрес пен ерліктің маңыздылығы туралы терең әңгіме өрбіді. Шәнім Бейбіт Кәрімұлының сөздері баршаға үлгі болды, әрі еліміздегі жастардың тәуелсіздікке деген құштарлығын арттыруға себепші болды. Бұл шара арқылы қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі мен сол жолда құрбан болған тұлғалардың есімдері ұлықталды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу қара металлургия колледжінің студенттеріне Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға колледж ұстаздары мен студенттері қатысты. Шара барысында тақырыпқа байланысты тың ақпарат беріліп, бейне баян, слайд көрсетілді. Сонымен қатар колледж студенті Хұрметбек Дәуреннің орындауында «Мен қазақпын» әнін шырқалса, колледждің арнай пәндер оқытушысы Халимхан Уалихан «Қара бауыр қасқалдақ» әнінің тарихын баяндап, домбыраның сүйемелдеуінде орындап берді. Колледждің кітапхана қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Әскери Даңқ музейінде Кеңес Одағының Батыры Александр Спиридонович Квитковтың 102 жылдығына арналған «Аға сержанттың ерлігі» атты ерлік сабағы өтті. 1922 жылы 15 желтоқсанда Павлодар облысы Железин ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1941 жылдың тамызынан Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Брянск, Оңтүстік-Батыс, Орталық және Беларусь майдандарында атқыштар отрядының командирі болып шайқасты.
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейімен С. Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының 8,9,10 сынып оқушыларына арналған «Тарих апталығы» аясында қазақ халқының тарихы, мәдениеті және қолөнері туралы білім беру мақсатында «Көшпелі халықтың қолөнері» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, дәріс оқылды. Шара барысында қазақ халқының қолөнерінің ерекшеліктері, тұрмыс-тіршілікте қолданылған бұйымдар мен олардың жасалу тәсілдері кеңінен баяндалып, қазақтың дәстүрлі мәдениетінің маңызды бөліктері көрсетілді.