- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлкетану музейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихи танымдық іс-шара өтті. Шара барысында студенттер ХХ ғасырда қазақ халқына жасалған зұлмат жылдар туралы тереңірек мағлұмат алып, жазықсыз атылған, жер аударылған, аштан қырылған миллиондаған тағдырмен танысты. Алаш арыстарының арманы – азаттық, білім, теңдік еді. Бірақ олардың көпшілігі «халық жауы» атанып, түрмеге қамалды, атылды. ҚарЛАГ, АЛЖИР, СтепЛАГ сынды лагерлердің тарихы мен зұлмат кезеңнің шындығы студенттерге терең әсер қалдырды. Бұл – тек өткеннің қасіреті емес, болашаққа сабақ. Бүгінгі Тәуелсіздік – сол боздақтардың аманаты. Олардың рухы – ел жадында, есімі – жүректе.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
"Ertis" музейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті — «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында 1921–1954 жылдар аралығындағы оқиғаларға байланысты маңызды тарихи деректер талқыланды. Қатысушылар қуғын-сүргіннің ауқымы, жаппай ашаршылықтың салдары және тарихи жадыны сақтаудың маңызы туралы айтып, өткенді түсініп, ұрпақтар арасындағы диалогтың құндылығына баса назар аударды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Д.П. Багаевтың музей-үйінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Оксана Солейдің «Балалық шақ әлемі» атты фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Экспозицияда балалық шақтың ең әсерлі сәттерін – алғашқы ашылулардың қуанышын, алаңсыз ойындарды және балалардың бақытпен жарқыраған көздерін бейнелейтін көптеген жарқын және шынайы фотосуреттер қойылды. Іс – шара барысында әр түрлі жастағы қонақтар, фотографтар, ата-аналар және тәрбиешілер мен балаларға. Оксана Солей шабытпен бөлісіп, балалық шақтағы фотосуретке деген сүйіспеншілігі және шынайы эмоцияларға толы сәттерді сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. Көрме барлығына балалық шақтың маңыздылығын, оның сұлулығы мен бірегейлігін еске салуға арналған. Көрме 30 маусымға дейін созылады, қала қонақтары келіп тамашалай алады!



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
«Ertis» музейінде «Сибирь здесь» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – көп ғасырлық тарихпен танысуға, ежелгі өркениеттердің іздерін терең сезінуге арналған ерекше мүмкіндік. Көрмеге шамамен 100-ге жуық экспонат қойылған.
Көрме Ресей Федерациясының Новосибирск облысының мәдениет күндері аясында Қазақстан Республикасының Павлодар облысында ұйымдастырылды. Экспозиция 2025 жылдың 15 маусымына дейін келушілерге ашық болады.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Мультимедиялық «Ertis» музейі республикалык «Рухани қазына - 2025» фестивалінде «Үздік қалалық маңызы бар музей» атанды!



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Халықаралық музей күнінде Д.П. Бағаевтың музей-үйі уақыт бойынша қызықты саяхат жасады! Іс-шара қонақтары фотографиялық квестке қатысты, мұнда экспонаттардың құпиясын ашып, музей қазынасы туралы қызықты деректермен танысуға тура келді. Бірақ бұл күннің басты оқиғасы XIX ғасыр костюмдеріндегі ерекше фотосессия болды. Келушілер тарихи кейіпкерлерге айналып, талғампаз киімдерді киіп, өткен дәуірдің атмосферасын түсіре алды. Керемет ретро стиліндегі кадрлар іс-шараның нағыз асыл тасына айналды!



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
С. Дөнентаев атындағы мәдениет сарайыныңда өткізілген “AKSU MIX FEST” шығармашылық шеберлік сыныбында Ақсу тарихи-өлкетану музейінде киіз басу бойынша шеберлік сабағын М. Катаев атындағы оқушылар сарайының көркем-эстетикалық тәрбие бөлімінің меңгерушісі Ғалия Ермекова жүргізді.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
18 мамыр күні халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» акциясы Ұлы Отан соғысының тарихын, батырларымыздың ерліктерін, олардың жеңісі жолындағы қажырлы еңбегін және халқымыздың ар-намысы мен қаһармандығын ұлықтау мақсатында өткізілді. Бұл «Ерлік әні» атты музыкалық кешінде соғыс кезіндегі патриоттық әндер мен өлендері орындалып, көрермендер Ұлы Отан соғысының қатысушы туыстары туралы ақпарат беріп, сондай ақ, музей қорына Ә.Қабылова мен Е.Соболева әкесінің жеке заттары мен соғыс хаттарын табыс етті. Ж.Мұса атындағы көпсалалы колледжінің студенттеріне «Кино кеші» атты соғыс тақырыбына арналған деректі фильм көрсетіліп, көрермендер кештің маңызды бөліктерінің бірі «Соғыс. Жеңіс. Естелік» тақырыптық музей қорындағы медальдар мен құжаттар көрмені тамашалады. Келушілер өз көздерімен тарихи маңызды заттарды көріп, осының барлығының артында адам тағдыры мен тарихи оқиғалар жатқанын түсінді.




