Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Павлодар Ертіс өңірінің тарихына фотограф өлкетанушы, Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи – өлкетану музейінің алғашқы директоры Дмитрий Поликарпович Багаев баға жетпес үлес қосты. Оның 140 жылдығына орай музейде "Вклад Д.П. Багаева в культурное наследие Павлодарского Прииртышья" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына өлкетанушылар, археологтар, тарихшылар, фотографтар, шығармашылық зиялы қауым, оқушылар, қоғам қайраткерлері, музей қызметкерлері қатысты. Іс-шара аясында "Д.П. Багаев музей–үйінің сирек кездесетін және құнды заттарының каталогы" ұсынылды, сондай-ақ Д.П. Багаевтың фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2024 10 04 at 15.51.17WhatsApp Image 2024 10 04 at 15.51.12WhatsApp Image 2024 10 04 at 15.51.13


Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Ұстаздар күніне орай музейде «Ұстаз ұлы есім» тақырыбында ұлағатты ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді. Бүгінгі ардагер ұстаздармен кездесу кешінің қонақтары   Ақсу қаласының құрметті азаматы, 30 жылға жуық ұстаздық қызмет атқарған, саналы ұрпақ тәрбиелеп, аянбай еңбек еткен ұлы ұстаз Қондыкерова Светлана Қабидоллақызы және Май ауданының тумасы, ұстаздық жолында 40 жыл еңбек еткен, талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан Омышева Слубике Қайырқызы. Іс-шараға Абай атындағы ЖОББМ-нің 5-6 сынып оқушылары мен ұстазы қатысты. Ардагер ұстаздар оқушыларға өмір жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, ақыл-кеңестерін беріп, әңгіме-сұқбат жүргізілді, қонақтармен ойындар ұйымдастырылды. Кеш соңында «Ұстазым» әні шырқалды.

IMG20241003160903IMG20241003160502IMG20241003154506


2 қазан күні Шарбақты тарихи-өлкетану музейі қонақтарды қарсы алды. Павлодар № 29 ЖОББМ 2д сынып оқушыларына шолу экскурсиясы өткізілді. Экскурсиядан кейін балаларға «Үш торай» қуыршақ театрының қойылымы ұсынылды - балалар қатты қуанды, спектакль өте сәтті өтті. Көргеннен кейін балалар ертегі кейіпкерлері туралы ынталы пікірлерімен бөлісті. 

69639eec 42d7 4863 842c d1b30d65b811098b6106 b159 4b23 9c70 d63e180a9fc9

1 қазан күні Шарбақты тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесінде музей ісінің ардагерлерімен бірге «Тәжірибесі мол адамдар» мерекесі өтілді. Бұл күні біз батылдығы мен еңбегімен еліміз құрылып, дамып келе жатқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсетеміз. Көп нәрсені айта алатын және көп нәрсені үйрете алатын адамдарға, сонымен бірге шексіз даналықты, баға жетпес тәжірибе мен үлкен білімді білдіреді. Ардагерлер викторинаға, байқауға қатысып, қуана ән шырқады. Дастархан үстінде олар алған әсерлерімен бөлісіп, ортақ мәселелерді талқылап, мұңды тұстарын ортаға салды.

11afeb59e4 6c77 4b8c b066 381b2794f78c0994dbad 56ab 4e97 bca7 39f433f3fdd3


27 қыркүйекте оқушылары үшін туризм Күніне орай "Туристік соқпақтармен" өлкетану сабағы өткізілді. Адамдар теңізде, оңтүстік елдерде, Еуропада демалғанды ұнатады. Бірақ алыс жолдардан қорықпайтын, күнмен, желмен, отпен, шатырмен және қызықты адамдармен жаңа кездесулерді асыға күтетін адамдар бар, олар жорыққа шығады. Балалар туризмнің қандай түрлері бар екенін білді, рюкзактарға қандай заттарды салу керектігін, отты қалай жағу керектігін қуана бөлісті және өздерінің жорықтары туралы айтты.

c37400a6 71db 4ea2 b61a e7a7ceb8dbe75459f34c 0e03 4ed3 8756 f9b7cbb6469a

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. 27 қыркүйек күні   Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ-нің кітапханасында еңбек күніне орай «Еңбек - бәрін де жеңбек» атты танымдық сағаты өткізілді. Іс-шараға аталған мектептің 5 в сынып оқушылары қатысты. Шара аясында оқушылармен топтық, шығармашылық жұмыстар өткізіліп, бейнебаян көрсетілді, тақырыпқа орай мағлұматтар берілді. Балалар шараға белсенділік танытып берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындап шықты. Шара соңында балалар шағын кітап көрмесін тамашалады.

IMG20240927112636IMG 20240927 WA0030IMG20240927105934


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде фотограф, өлкетанушы, Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы және бірінші директоры Д.П. Багаевтың 140 жылдығына орай «Павлодар өңірінің фотошежірешісі» музейлік сабақ өткізілді. Шараға қатысушылар ұлы шебердің фото мұрасы арқылы өлкеміздің өткені, тарихи оқиғалары, адамдары туралы мағлұмат алды.

2febbac0 78b1 464e a78e 79a4a9009966e244f709 8288 41a8 87f6 1b80bfbc37518425623d 3778 4351 978d 8c25b36f0f7b


Шоң би Едігеұлының 270 жылдығына, Шорман би Күшікұлының 225 жылдығына орай Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейде өткен «Қазақ қоғамындағы билер институты» панельдік кездесуге ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар,студенттер қатысты. Өте қызықты, өзекті тақырыптар талқыланды.

WhatsApp Image 2024 09 25 at 14.58.04 1WhatsApp Image 2024 09 25 at 14.58.05WhatsApp Image 2024 09 25 at 14.58.05 1