Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Музейдегі түн — Уақыт бұзылуы» Халықаралық музейлер күнін мерекелеу аясында 18 мамыр күні «Ертіс» музейінде «Музейдегі түн — Уақыт бұзылуы» атты жарқын әрі есте қаларлық іс-шара өтті. Бұл кешке көптеген қонақтар жиналып, қала тұрғындары үшін нағыз мәдени оқиғаға айналды.
Қонақтарды ерекше экскурсиялар, театрландырылған перформанстар, мультимедиялық инсталляциялар, қазақ мифологиясының кейіпкерлері, интерактивті алаңдар, VR-аймақ, кино көрсетілімі, сондай-ақ Павлодар қаласының арнайы шақырылған блогерлері мен журналистері қарсы алды.
«Музейдегі түн — Уақыт бұзыуы» іс-шарасы барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар, жаңа әсерлер сыйлап, жұмбақтар мен күтпеген уақыттық парадокстар атмосферасына енуге мүмкіндік берді. Барлық қонақтарға мәдениетке деген сүйіспеншіліктері және осы кешке деген қызығушылық үшін алғыс білдіреміз. Бұл кеш: музей — уақыт шын мәнінде жанданатын тірі кеңістік екенін дәлелдеді.

WhatsApp Image 2026 05 22 at 09.34.29 WhatsApp Image 2026 05 22 at 09.34.29 1 WhatsApp Image 2026 05 22 at 09.34.30

«Затты тап» интерактивті алаң 18 мамыр — Халықаралық музейлер күніне орай Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 8-сынып оқушылары үшін «Затты тап» атты интерактивті алаң ұйымдастырылды. Оқушылар өткен заманның жәдігерлерімен танысып, олардың қандай мақсатта қолданылғанын анықтап көрді және ата-бабаларымыздың тұрмысы мен тарихы жайлы көптеген қызықты мәліметтер алды. Іс-шара жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, оқушылардың қызығушылығы мен белсенді қатысуына себеп болды.

WhatsApp Image 2026 05 19 at 15.11.27 WhatsApp Image 2026 05 19 at 15.11.27 1 WhatsApp Image 2026 05 19 at 15.11.28

Шығармашылық кездесу 18 мамырда Халықаралық музейлер күніне орай «Степным орлом взлечу на небеса я...» атты шығармашылық кездесу өтті. Бұл кездесуде сөздің шебері, керемет адам Борис Власов болды. Шараға қара металлургия колледжінің студенттері, «Родники» әдеби клубының мүшелері және қалалық қауымдастық өкілдері қатысып, поэзия, тірі сөз бен шабыт әлеміне жақындай түсті. Бұл кездесу ерекше символикалық болды, себебі ол Борис Григорьевичтің Қазақстан мен Ресейдің екі елінің Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған жылы өтті. Бұл оның талантына ғана емес, сонымен бірге поэзияның шекара білмейтіндігіне, халықтарды, мәдениеттер мен жүректерді біріктіретіндігіне де белгі. Кездесуде құттықтау сөз сөйлеген қала құрметті азаматтары, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі С. Кондыкерова және қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы И. Усинов Борис Власовқа ұлттық чапан тарту етті. Т. Дмитренко өз өлеңін ақынның шығармашылығына арнаса, «Родные напевы» халықтық орыс хорының әншілері В. Сумская мен Л. Борщ «Только мне все кажется» және «Гляжу в озера синие» әндерін орындады. Бард және гитарист П. Кофтунов «Любимой женщине» атты өзінің шығармасының әнін шырқады. Қатысушылар сондай-ақ әдеби қауымдастықта танымал ақынға айналған адамның өз аузынан поэзияны тыңдаудың ерекше мүмкіндігіне ие болды. Кездесу поэзияның — бәріне түсінікті, жүректің тілі екендігін тағы бір рет растап өтті. Біз Борис Григорьевичке шабыт бергені үшін, қонақтарға қатысқандары
үшін және осы жарқын кеште бізбен бірге болған барлық адамдарға алғыс айтамыз. Поэзия бізді біріктіре берсін!

WhatsApp Image 2026 05 19 at 11.57.12 WhatsApp Image 2026 05 19 at 11.57.11 WhatsApp Image 2026 05 19 at 11.57.11 1

«День Победы: история и память» дөңгелек үстел Ақсу тарихи-өлкетану музейінде оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына, ардагерлер мен Отан қорғаушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Жеңіс күні: тарих және тағылым» «День Победы: история и память» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарада Абай және Ы.Алтынсарин атындағы, лицей мектебі, №4, №7, №8 орта мектебінің оқушылары белсенді қатысып майданда соғысқан және тылда еңбек еткен жандарды еске алып, отбасында сақталған майданнан келген хаттары мен жеке заттардың тарихымен бөлісті. Қонақтарымыз Ғалым Сұлтанов пен Юрий Лаптюгов әскери борышы туралы қызықты сәттері туралы айтып берді. Ал «Родные напевы» халық ансамблінің солисті Нина Курташева, «Достар» ансамблінің солистері Успанова Амина мен Ерғали Расулбектің орындауында «Ты помни», «Туған жер», «Атамекен» әндерін паш етті.

WhatsApp Image 2026 05 13 at 11.36.36 1 WhatsApp Image 2026 05 13 at 11.36.35 WhatsApp Image 2026 05 13 at 11.36.36

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы заңнамалық өзгерістер және оларды іске асыру мәселелері» республикалық форум Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы заңнамалық өзгерістер және оларды іске асыру мәселелері» атты республикалық форум жұмысына қатысты. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде (Астана қ.) өткен іс-шараға ескерткіштерді қорғау, тарих, археология және музей ісі саласындағы Қазақстанның жетекші мамандары жиналды. Ұлттық археологиялық қызметтің, жаппай археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың Ұлттық депозитарийінің қызметі, сондай-ақ археологиялық жұмыстар бойынша Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2026 05 13 at 09.43.41 WhatsApp Image 2026 05 13 at 09.43.56 WhatsApp Image 2026 05 13 at 09.44.04

«Өткен күндердің киелі естелігі» іс-шара Әскери Даңқ Музейінде Жеңіс күніне арналған «Өткен күндердің киелі естелігі» атты салтанатты іс-шара өтті. Бағдарлама вокалистер орындаған әндерге толы болып, естелік пен құрметке ерекше атмосфера қалыптастырды. Біз тағы да жерлестеріміздің ерлігін еске алып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау қаншалықты маңызды екенін атап өттік. Дәстүр бойынша іс-шара бір минут үнсіздікпен және ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды. Осы маңызды күнді бізбен бірге бөліскен барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.

WhatsApp Image 2026 05 13 at 09.37.33 WhatsApp Image 2026 05 13 at 09.37.34 WhatsApp Image 2026 05 13 at 09.37.34 1

«Ұлттар мәдениеті – ортақ қазына» және «Әуендер әлемі: ұлттар үндестігі» көрмелер Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өту аясында Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірлесіп, Конституция алаңында «Ұлттар мәдениеті – ортақ қазына» және «Әуендер әлемі: ұлттар үндестігі» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. Көрмелерде Павлодар облысында тұратын халықтардың ұлттық киімдері мен музыкалық аспаптары ұсынылып, мәдени дәстүрлерінің байлығы мен өзіндік ерекшелігі көрсетілді. Экспозициялар қонақтардың зор қызығушылығын тудырып, мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігіне айналды және мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын айқындады.

WhatsApp Image 2026 05 08 at 09.37.40 WhatsApp Image 2026 05 08 at 09.37.40 1 WhatsApp Image 2026 05 08 at 09.37.41

«Қаз қонақ» көрмесі Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қаз қонақ» республикалық маңызы бар табиғи ескерткіші мәртебесінің берілгеніне 55 жыл толуына арналған көрме ашылды. Бұл орын — жер планетасының тарихы жанданып, алыс өткеннің куәсіне айналған бірегей палеонтологиялық ескерткіш. Музей келушілерді сирек кездесетін олжалары — ежелгі жануарлардың сүйек қалдықтарымен танысып, таңғажайып деректерді білуге шақырады. Іс-шараға белсенді қатысқан қонағымыз, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, Марғұлан университеті профессоры Валентина Алиясоваға алғыс білдіреміз.

WhatsApp Image 2026 05 08 at 09.34.45 1 WhatsApp Image 2026 05 08 at 09.34.45 WhatsApp Image 2026 05 08 at 09.34.44