- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастыруымен «Ұлт өнері – ұрпаққа өнеге» атты киіз басу өнерінен шеберлік сабағы өтті. Шараға киіз басу шеберлері, «Ғибрат әжелер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және «Нұр Ана Әлемі» ҚБ қолөнершілері – Галия Балтабаевна Сунгатова, Күнкей Қабиевна Резуанова, Жібек Ануарбековна Маханова қатысып, ұлттық қолөнердің қыр-сырын таныстырды. Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия оқушылары үшін бұл тағылымды әрі шығармашылыққа толы кездесу болды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты В.Ф. Гаврюшиннің туғанына 95 жыл толуына арналған еске алу кеші ұйымдастырылды. Іс-шара көмір саласының ардагерлерін, әріптестерін, қоғам өкілдері мен жастарды біріктірді. Жылы әрі шынайы атмосферада қатысушылар Василий Фроловичтың өмірлік жолын, көмір өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін еске алып, оның кәсібилігі, принципшілдігі және шахта еңбегін құрметтеу туралы айтты. Кездесу барысында әріптестерінің, достарының, туыстарының естеліктері тыңдалып, музей қорынан оның еңбек қызметінің кезеңдері мен саланың дамуына қосқан үлесін көрсететін мұрағаттық фотосуреттер мен материалдар ұсынылды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Өрт қауіпсіздігі: тарихы және қазіргі заман» атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шарада өрт қауіпсіздігінің қалыптасу тарихынан бастап, қазіргі заманғы қорғаныс әдістеріне дейінгі мәліметтер қамтылып, соңынан шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Қатысушылар әр дәуірде өртпен қалай күрескенін, бұрын қандай құралдар қолданылғанын және өртке қарсы қызметтің уақыт өте келе қалай дамығанын білді. Сондай-ақ қазіргі заманғы өрт қауіпсіздігі ережелері мен төтенше жағдайлар кезінде атқарылатын әрекеттерге ерекше назар аударылды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Ақсу тарихи-өлкетану музейінде павлодарлық авторлардың балаларға арналған «О зиме, о лете, обо всем на свете» атты шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Жинаққа ақсулық ақындар Б. Власова, А. Карабан және Е. Писаренконың өлеңдері енді. Іс-шараға славян этномәдени бірлестігі жанындағы «Родники» поэзия сүйер қауым клубының мүшелері қатысты. Авторлар жинақтың табиғат туралы бөлімдерімен, қызықты әңгімелерімен, мейірімді ертегілерімен, тағылымды мысалдарымен таныстырды, сондай-ақ қонақтарға өз өлеңдерін оқып берді.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Әскери даңқ музейінде "Ауғанстандағы ер іздері"атты ерлік сабағы өтті. Ауған соғысының ардагерлері Усембаева Айша Жұмашқызы мен Яценко Сергей Борисович шақырылды. Іс-шараға Машина жасау колледжінің бірінші курс студенттері қатысты. Ерлік сабағы жас ұрпақты патриотизмге, батылдық пен ерлікке тәрбиелеуге бағытталған.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Екібастұз тарихи – өлкетану музейімен Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күніне орай «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен «Ауған соғысының отында қалған екібастұздықтар» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Ауған соғысының ардагерлері Байбешов Нұрмахан Мирзабаевич, Жұмиров Ахмет Елубаевич, Волков Александр Владимирович, Машак Сергей Николаевич және Мукатаев Жұмат Нұғытаевич өздерінің қиын да жауапты әскери қызметі туралы әңгімелеп берді. Балалар қонақтарға арнап концерттік бағдарлама дайындап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кеш соңында қатысушылар аты аңызға айналған қолбасшы — Борис Төкенұлы Керімбаев туралы фильм тамашалады. Осындай кездесулер жас ұрпақты тарихқа құрметпен қарауға, Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығын қадірлеуге тәрбиелейді.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Майра музейінің құрылғанына 25 жыл толуына орай «Майра музейі – Тарихи 25» атты жылжымалы көрме Шарбақты ауданы тарихи-өлкетану музейінде өтті. Бұл шара мәдени мұраны дәріптеп, көпшілікке тарихтың терең тағылымын ұсынды.



- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Халық музыкасы және ұлттық аспаптар» атты этнографиялық сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының бай музыкалық мұрасын таныстыру және оқушылардың рухани-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыру. Танымдық сағатта домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, даңғыра секілді қазақтың дәстүрлі музыкалық құралдары туралы мәлімет беріліп, олардың шығу тарихы мен ерекшеліктері таныстырылды. Шара оқушылардың ұлттық мәдениетіне деген құрметін арттырып, халқымыздың өнеріне деген сүйіспеншілігін нығайта түсті.




