Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Алғыс айту күніне орай «Еріктілердің жұмыс күндері» Легион-14 іздестіру-гуманитарлық көмек тобының еріктілерімен кездесу өтті. Бұл – Велижанская Оксана Геннадьевна, Кайсина Диана Бакытжановна, Похилюк Ольга Владимировна, Абабкина Надежда Николаевна.

Қыздар іздестіру және гуманитарлық көмек көрсету қызметі туралы, оның бағыттары мен қала тұрғындарына, сондай-ақ басқа да адамдарға қандай көмек көрсетілетінін баяндап берді. Сонымен қатар, ерікті болу үшін не істеу керектігін түсіндірді.

«Қайнар» білім беру-демалыс кешенінің жас еріктілері өздерінің жұмыстағы жетістіктерімен бөлісті. Кездесуге «Жас өркен» жастар үйінің тәрбиеленушілері мен Павлодар облысы ІІБ 2-ші батальонының қызметкерлері де қатысып, еріктілермен бірлескен жұмыстары туралы баяндап, стратегиялық маңызды экономикалық нысандарды қорғау кезінде ұрлықтардың алдын алған қызметкерлерді атап өтті. Олар – полиция сержанты Қабиболла Айтжан Мақсатұлы мен полиция сержанты Теміржанова Жұлдыз Серікқызы.

c65b9bf0 6aae 4eab 9ae0 c68ea7d627fa6d3bcd10 4af3 495a 92c8 6b8724cdb3364b5c09db 4974 4fbe bfaf 63d3b7e14107


Ақсу тарихи-өлкетану музейінде алғыс айту күніне арналған «Жылы сөз үшін рахмет» танымдық сағаты өткізілді. Іс-шараға «Ақ желкен» және «Искра» аула клубының футбол командасының мүшелері қатысты. Балалар Алғыс айту күнінің тарихымен танысып, адамгершілік құндылықтар, бір-біріне деген достық қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейтті.

d3628898 1794 474a a6be 005c4cb1773461dbf795 2475 4d87 ada5 dc6fa3683a70d8954d4f b4f6 440a 95cb b086176c74d5


Ертіс музейінде Елена Шангайдың «Прикосновение. Душа в лицах» атты жеке фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрмеде 40-қа жуық фото ұсынылған, онда тек сыртқы көріністі ғана емес, сондай-ақ қарапайым адамдардың ішкі жан дүниесі, қорқыныштары, фобиялары, эмоциялары фотосурет арқылы көрсетілген. Елена Шангайдың объективі арқылы әрбір портрет жай сурет қана емес, сезімдер мен терең толғаныстарға толы тұтас бір оқиғаға айналған.

WhatsApp Image 2025 02 21 at 16.44.57WhatsApp Image 2025 02 21 at 16.44.54WhatsApp Image 2025 02 21 at 16.45.14


Шарбақты тарихи-өлкетану музей бөлімшесінде Социалистік Еңбек Ері Павел Тихонович Антонов туралы «Біздің аймақта батырлар бар» атты дөңгелек үстел өтті. Оның қатысушылары ЖББ№2 орта мектептің оқушылары мен Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінің студенттері болды. Іс – шара барысында балаларға Павел Тихонович Антоновтың әр жылдары өзін қиын ауыл шаруашылығы еңбегіне арнаған адамның қалай ынталы жұмыс істегені, оның өмірі мен еңбегі жоғары наградалармен-Социалистік Еңбек батыры атағын берумен, жоғары дәрежемен ерекшеленгені айтылды.

3bb8ca1f 6b67 4953 a9e0 09f9d2d79185d12f853c 4cd4 4e7b 9461 82406ec20b4bf8e2f9d0 535b 4625 9956 3deff10a25da


Бүгін біз қаланың құрметті азаматы, киномеханик, өте кішіпейіл адам және өзінің бүкіл еңбек өмірбаяны барысында бізге жаңа фильмдермен кездесулердің қуанышын сыйлаған керемет жұмысшы Яков Коноваловтың еңбек өмірбаянының беттерін парақтадық. Іс-шараға туыстары, құрметті азаматтар, ҚР Журналистер одағының мүшесі, еңбек ардагері, «Ақсу толқыны» радиохабарының редакторы С.Кондыкерова, достары, зағиптар қоғамының өкілдері, №4 және №7 ЖОБМ оқушылары қатысты. Іс-шара қонақтары қызықты естеліктерімен бөлісіп, Я.Коноваловтың қала туралы және қаланың дамуына зор үлес қосқан адамдар туралы фильмдерін тамашалады.

WhatsApp Image 2025 02 20 at 17.18.10 1WhatsApp Image 2025 02 20 at 17.18.12WhatsApp Image 2025 02 20 at 17.18.08


Г.Н. Потанин атындағы музейде қазақтың ұлы эпосы қыз Жібекке арналған кинолекторий өтті. Бұл фильм қазақ мәдениетінің нағыз символына айналды, ал лекция барысында қатысушылар эпостың экранға қалай бейнеленгенін, халық дәстүрлерінің сұлулығы мен қайғысын қалай жеткізгенін талқылады. Сонымен қатар, туындының тек мәңгілік құндылықтарды — махаббат, ар-намыс, адалдықты ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, ұлттың рухын сақтауға қалай қызмет еткенін сөз етті. «Қыз Жібек» —ол қазақ халқының жүрегі, оның арман-тілектері мен үміттерінің бейнесі. Эпос өткен уақыттың көрермендерін ғана емес, қазіргі заманғы киноөнерге де үлкен әсер етіп, бай мәдени мұраны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге көмектесуде.

c65d5927 8743 433b 8bdf c8903dad515b480201713 3853338908313395 627362835410881424 n3105b7cd cec5 4205 b16c fcd699d09e65


Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музеінің мамандары ИнеУ студенттері үшін Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған “Еуразия археологиялық зерттеулері мен батыстың ежелгі байланыстарының іздері” атты музейлік сабағын өткізді. Археологиялық ғылым тұрғысынан студенттерге Еуразияның әртүрлі бөліктерінде өмір сүрген адамдардың Андронов және Пазырық мәдениеті түркі қауымдастықтары және басқалардың тығыз байланысын дәлелдейтін өткен тарихтың әртүрлі мысалдары ұсынылды.Кездесүге қатысушыларға музей қорының кейбір экспонаттары көрсетілді.
b894233f d586 44a1 bd6e 2cbe30bef176

Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде «Құрақ құрау–бірігудің белгісі» шеберлік сабағы ұйымдастырылды.Іс-шараға №26 гимназия -мектебінің оқушылары қатысты. Қолөнер шебері Арайлым Хамзабаеваның жетекшілігімен қыздар жапсыру техникасын пайдаланып, құрақшалар құрастырып, ою және құрақ құрау әдістерімен танысты. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастарды ұлттық қолөнермен таныстырып, олардың шығармашылық дағдыларын дамыту болды.

08a3409c 3071 427a ab23 27005508bd4eb0eceee4 05ef 4d28 9077 12fe9506dcc2