Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде халық жазушысы және ақын, 50-ден астам өлеңдер жинағының, әдеби-сыни және балалар кітаптарының авторы Қадыр Мырза Әлинің 90 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің классигі» атты еске алу кеші өтті. Ақынның әдеби мұрасы және отандық әдебиет алдындағы еңбегі туралы Павлодар облысы мен Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Ж.Ш. Мейірман, құрметті азаматтар, педагогикалық еңбек ардагерлері Н.С.Куанышева және А.Б. Әбілқасымова әңгімеледі.Бағдарламада № 36 мектеп-лицейдің 6а, 6в сынып оқушыларының орындауындағы Мырза Әлинің өлеңдері орындалды. Кеш «Замандастар - Құрдастар» ансамблінің орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.

5a1b17b9 9722 493f b9bd 7eb1f6218a62d5f5be8a 5b47 4f3c ad88 140a2e6d2e35d5400680 95a4 4ecb b9d6 e48f96cf3c6b


Абай атындағы ЖОББМ-нің 8 сынып оқушыларына   әскери тілші, жазушы, драматург, журналист Всеволод Вячеславович Ивановтың 130 жылдығына орай «Жазушы және драматург» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Іс-шара мектеп кітапханасында өтті. Шара барысында оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, бейнемазмұн көрсетілді, сондай-ақ музей қорларынан «әскери құты» туралы ақпарат ұсынылды.

IMG 20250213 WA0051IMG 20250213 WA0057IMG20250213153050



Павлодар облысы баға жетпес ғылыми мұра қалдырған асыл жерлестерінің есімдерімен мақтанады. Тарих ғылымдарының докторы Ермұқан Бекмаханұлы Бекмахановтың 110-тың жылдығына Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Қазақтын тұңғыш тарихшы ғалымы» ғылыми-практикалық конференциясы арналды. Конференцияға қатысушылар-ғалымдар, тарихшылар, студенттер мен оқушылар ұлы ғалымның тарихи ақиқатына деген байлығы мен адалдығын атап өткен баяндамалар жасады. Конференцияға Торайғыров университеті Е.Бекмаханов атындағы ҒПО директоры,профессор А. Ж. Құдабаев, Е. Б. Бекмахановтың жиені Қ. Е. Баязитов, өлкетанушы М. Шәріпов қатысты. Сертификаттар мен мақалалар жинақтары барлық қатысушыларға берілді.

d963eed6 60a8 4b95 adcc 8db8dedb80487511a724 535a 4c52 9a02 e1233e567650de07f0b7 bd24 4f93 bdcb 737e7d2a0a85 1


Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақсу тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Менің отбасымда сақталған құнды зат» атты көрмесі ашылды. Көрмеде 2024 жылғы ENR кампаниясының «TUGAN QALA» әлеуметтік жоба фестивалінің қорытындысы бойынша жиналған 100-ден аса жәдігерлер ұсынылды. Олардың ішіндегі ең құндысы: 1900-ші жылдардағы араб және түрік тілдеріндегі Құран кітаптары, соғыс ардагерлері тапсырған соғыс жылдарындағы заттар; 1948 жылы шыққан Абай өлеңдер жинағы, қолдан жасалған бұйымдары қойылды. Сонымен қатар, Ақсу қаласынан Ахметовтар отбасы өз үйін музейге айналдырған жеке коллекцияларындағы жәдегерлерін көрмеге ұсынып, келушілерді таң қалдырды.

c2441dbc 9bef 4d78 864e 7eaaeb10ccf5e1de013b 8465 4ff8 bc34 0df3dd7e983747e66f9d afb5 475d 8068 ad626d34d9cb


Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне «Отанның батырлары» атты интернационалист жауынгерлерді еске алу кеші ұйымдастырылды.Еске алу кешінің арнайы қоңақ қатарын толықтырған Ауған соғысының ардагерлері Рыспаев С.К., Баймагамбетов Х.Щ., Канышев Т. Ж., Абрашимов М. Н. соғыс алаңындағы естеліктерімен бөлісті.Кездесу Павлодар облысы МКҚБ 2-полиция батальон қызметкерлері ардагерлердің күнделікті өмірі мен ерліктері туралы баяндамаларды үлкен қызығушылықпен тыңдады.  

WhatsApp Image 2025 02 12 at 16.00.13WhatsApp Image 2025 02 12 at 16.00.57


«Ауғанның отты жалыны» атты тақырып аясында 9 сынып оқушыларымен Ауған соғысының ардагерлерімен сұқбат өтті. Бұл кездесу оқушыларға тарихи маңызды оқиға туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді, сондай-ақ, жас ұрпаққа батырлық, ерлік және отан алдындағы міндетті сезіну сезімін ұялатты. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісіп, Ауғанстандағы қиыншылықтар мен ауыр сәттерді еске алды. Олар соғыстың тек әскери қақтығыстар ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен достықтың маңызын көрсете отырып, жастарды өмірдегі қиындықтар мен сынақтарға төзімді болуға шақырды. Соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлықты есте сақтап, бүгінгі бейбіт күн үшін алғыс білдіру — әр азаматтың міндеті. Бұл кездесу, сондай-ақ, жастардың тарихты зерделеуге деген қызығушылығын арттыруға және отан сүйгіштікті тәрбиелеуге үлкен үлес қосты.

IMG 20250212 114640IMG 20250212 113919IMG 20250212 113115

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде «Артбюро» көркемсурет өнер мектебінің «Кескіндеме геометриясы» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмеде 26 жұмыс ұсынылған. Қатысушылардың жас мөлшері 7-45 жасты құрайды. Ұсынылған жұмыстар сюжеттердің алуан түрлілігімен және түстер палитрасымен ерекшеленеді. М️ектеп оқушылары Жапония, Франция, Чехия, Сербия, Болгария, Иран, Беларусь, Ресейде өткен көптеген халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

WhatsApp Image 2025 02 11 at 17.09.20 1WhatsApp Image 2025 02 11 at 17.58.37 1WhatsApp Image 2025 02 11 at 17.09.23


Шарбақты тарихи-өлкетану музейінде № 2 ЖБББМ 6 сынып оқушыларына "Музей әлемімен танысу" циклынан "Радиоқабылдағыш" экспонаттарының панорамасы өткізілді. Оқушылар радиоқабылдағышты құру туралы шағын тарихи анықтаманы тыңдады, радио жасаушы өнертапқыш А.С. Попов туралы қысқаша бейнені көрді, содан кейін сөзбе - сөз "тарихқа қол тигізді" – 20 жыл бұрын әр пәтерді безендірген, радиоқабылдағыштың қалай көрінетінін көрді.

321